Әлем

АҚШ конгресі Ресейге қарсы ауқымды санкциялар туралы заң жобасын қабылдады

АҚШ Өкілдер палатасы Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасын қабылдады.

Екі ай бұрын өмірден өткен Сенатор Линдси Грэмнің бастамасымен әзірленген заң жобасын 262 конгрессмен қолдап дауыс берді, 159 адам қарсы болды.

Құжат Ресей мұнайы мен газын сатып алушыларға 100 пайыз баж салығын енгізуді, сонымен бірге Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесетін елдерге шектеу қояды.

Кейбір дерек көздері тізімде Қытай, Үндістан және Түркия елдері бар екенін жазып жатыр. Сондай-ақ Ресейдің кейбір мемлекеттік қызметкерлеріне, банктеріне, энергетика және қорғаныс салаларына, сондай-ақ санкцияларды айналып өтуге пайдаланылатын мұнай тасымалдаушы кемелерге шектеу енгізуді қарастырады.

Құжатта заң жобасының мақсаты «Владимир Путинді Украинаға қарсы соғысты қаржыландыратын кірістен айыру» деп жазылған.

Бұл — Конгресстің 2 жылдан астам уақыттан бері Украинаға қолдау білдіретін заңнаманы алғаш рет қабылдауы. Заң жобасы президент Дональд Трамптың қол қоюын күтуде.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button