Экономика
Тренд
«Отбасы банкі» ислам ипотекасын қосуға дайындалып жатыр
Ислам ипотекасында банк клиентке әдеттегідей пайызбен несие бермейді. Оның орнына, мысалы, үйді өзі сатып алып, клиентке бөліп төлеу арқылы сата алады.

«Отбасы банкі» ислам ипотекасын қосуға дайындалып жатыр. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай мәлімдеді.
Ислам ипотекасында банк клиентке әдеттегідей пайызбен несие бермейді. Оның орнына, мысалы, үйді өзі сатып алып, клиентке бөліп төлеу арқылы сата алады. Бұл үшін «Отбасы банкі» алдымен арнайы лицензия алуы тиіс.
Банкке қатысты заңнамалық өзгерістер 2026 жылғы 21 қазанда күшіне енеді. Алайда ипотеканы тікелей беру үшін қосымша заң өзгерістері қажет. Қазір банк исламдық қаржыландыруға арналған арнайы бөлімше ашуға дайындалып жатыр.
Ипотеканың қашан берілетіні әзірге белгісіз. Банк өкілі нақты мерзім лицензия алынғаннан кейін анықталатынын айтты.



