Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру және ЖИ технологиялары
Премьер-министр Олжас Бектенов медициналық ақпараттық жүйелерді біріктіру және жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін енгізу барысын тексерді.
e-Densaulyq бірыңғай экожүйесінің негізгі нәтижелері
-
23 бытыраңқы жүйе біріктіріліп, 21 мыңнан астам медициналық ұйым мен 257 мың қызметкердің деректері цифрландырылды.
-
Медициналық қызметтерді негізсіз тұтыну 7,1%-ға төмендеп, 7 миллиард теңге көлемінде қаржы үнемделді.
-
Дәрігерлердің ақпарат енгізуге жұмсайтын уақыты 40%-ға қысқарды.
-
Цифрлық бақылау нәтижесінде лицензиясы жоқ 38 ұйым және мерзімі өткен сертификаты бар 2 188 медицина қызметкері анықталып, қызметтен шеттетілді.
-
Жалған қызметтерді тіркеу, қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету немесе бір дәрігердің бірнеше жерде қатар жұмыс істеуі сияқты заң бұзушылықтардың жолы кесілді.

Инновациялық шешімдер мен бақылау жүйелері
-
Дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесінің арқасында 42,5 миллиард теңге көлемінде экономикалық тиімділік қамтамасыз етілді.
-
«Суық тізбек» жобасы: Вакциналарды тасымалдау мен сақтау жағдайларын температура датчиктері және GPS арқылы автоматты түрде бақылайды.
-
Қауіпсіздік: Медицина қызметкерлерін қорғау үшін смарт-бейнежетондар мен ауруханалардағы бейнеаналитика және полицияны шақыратын SOS батырмалары іске қосылуда.
-
Телемедицина: Шалғай ауылдар үшін қашықтан телеконсультациялар енгізіліп, 2,1 миллионнан астам адамға қызмет көрсетілді.
-
Орталықтандырылған телерадиология: ЖИ алгоритмдері медициналық суреттерді талдау уақытын 4 есе қысқартып, патологияны ерте анықтауды 32,2%-ға арттырды.
-
AKYLMED.AI: Пациенттерді онлайн-жазу және скринингке шақыру жұмыстарын жүргізіп, емханаға физикалық түрде келушілер санын үш есеге жуық азайтты.
Олжас Бектенов денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық негізін құруды соңына дейін жеткізіп, медициналық қызметтердің сапасын арттыруды және әкімшілік кедергілерді жоюды тапсырды.



