Заң үстемдігі
Тренд

Көлік бақылауы саласына қатысты екі басшы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік бақылауы саласындағы екі басшының ұсталғанын хабарлады. Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, олар белгіленген салмақ нормасынан асатын жүктері бар көліктердің кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Күдіктілер кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам заңсыз сыйақы алды деп болжанады.

Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button