Қоғам
Тренд

«Хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін» – министр

Оқушыларға діни киім киюге рұқсат беретін жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті.

«Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отыратын үлкен комиссия бар», – деді министр.

Министрдің айтуынша, елімізде бірыңғай мектеп формасының стандарттары бар. Сонымен қатар білім берудің зайырлы сипатын қатаң сақтау қажет.

Ведомство басшысы өткен жылы жеке мектептерде мұндай жағдайлар кездескенімен, биылғы оқу жылында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін, бірде-бір мектептің хиджаб киюге жол бермей отырғанын атап өтті.

Сүлейменова егер жекеменшік мектеп хиджаб киюге рұқсат беретін болса, лицензиясынан айырылатынын қатаң ескертті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button