Заң үстемдігі
Тренд

Кәсіпкер Арман Шораев қамауға алынды

Белгілі кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды. 
Бұған оның жазбасында балағат сөздер қолдануы себеп болған.
Ақмола облысы полициясының мәліметінше, құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер қолданылған жарияланымды анықтаған. Кейін аталған дерек бойынша Арман Шораевқа қатысты әкімшілік материал толтырылған.
Істі қараған сот оны кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Полиция өкілдері әлеуметтік желіде заңға қайшы контент жариялағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін Арман Шораев өзінің әлеуметтік желісінде өзін жауапқа тартайын деп жатқанын хабарлаған еді. 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button