Экономика

Колледждерден 32 түрлі мамандық алынып тасталуы мүмкін

Елімізде еңбек нарығында сұранысы өзгерген мамандықтар бойынша кадр даярлау жүйесі қайта қаралып жатыр.

Қазірдің өзінде еңбек нарығының талабына сай келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылған.

Оған қоса, сұраныс болмағандықтан 32 мамандықты, оның ішінде 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау қарастырылып жатыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерге сәйкес жаңартылып келеді.

Бүгінде 552 кәсіптік стандарт негізінде 14 494 білім беру бағдарламасы әзірленген. Оның 4 348-і жұмысшы біліктіліктерін қамтиды.

– Қазіргі уақытта оқыту 188 мамандық бойынша жүргізіледі. Алайда cұраныстың болмауына байланысты 32 мамандықты, оның ішінде 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау қарастырылып жатыр. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылды, – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қазақпарат

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button