Оқиға
Тренд

Қарағандыдағы саяжайда екі адамды атып кетті

Қарағандыдағы саяжайлардың бірінде екі адамды атып кетті деген ақпарат тарады.

Оқиға 6 қыркүйекте Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы ауданындағы саяжай алқаптарының бірінде болған.

«Денелерінде оқ жарақат белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің мәйіттері табылды. Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, тиісті жауап берді», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button