Спорт

Көшпенділер ойыны: Қазақ көкпаршылары қырғыз құрамасынан жеңіліп қалды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс мәресіне жетті. Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық көкпаршылар бұған дейінгі екі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.

Финал қорытындысы бойынша Қырғызстан құрамасы Қазақстанды 7:2 есебімен жеңіп, көкпардан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Үшінші орын үшін Ресей мен Өзбекстан құрамалары кездесті. Тартысты өткен матчта Ресей спортшылары 5:4 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың қола жүлдесін алды.

Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының финалында қатарынан үшінші рет кездесті. Бұған дейінгі екі турнирде де қазақстандықтар қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдені иеленген болатын.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында көкпармен қатар қырғыздың дәстүрлі ұлттық ойыны – көк-бөріден де жарыс өтті.

Бұл додада да Қырғызстан құрамасы чемпион атанды. Финалда қырғызстандық спортшылар Қазақстан командасын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Осылайша биылғы Көшпенділер ойындарында көкпар мен көк-бөріден өткен екі бірдей финалда Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары жолығып, екі жағдайда да жеңіс қырғыз спортшыларының еншісінде кетті.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының еншісіндегі алтын медаль саны 32-ге жетті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button