Қоғам
Экс-депутат оттан секіріп, 800 градустық қызған шоқтың үстінен жалаңаяқ жүгіріп өтті

Экс-депутат Бақыт Сыздықова оқырмандарымен ерекше әрі экстремалды видеосымен бөлісті, деп хабарлайды tiek.kz.
Видеодан Сыздықова ханымның табиғат аясында шаттанып, оттан секіріп жүргенін байқауға болады.
Айтуынша, табиғат аясында жүргендер жазғы күн тоқырауын атап өткен. Айта кетерлігі рәсім барысында экс-депутат 800 градусқа дейін қызған шоқтың үстімен жалаңаяқ жүріп өткен!
«Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деген ол алаудан секіріп, күн мен оттың энергиясына қаныққанын жеткізді.



