Қоғам

«Құрбысының үйіне қалдырған»: полиция саяхатшы қыздың жоғалған велосипедіне қатысты түсініктеме берді

Саяхатшы Бүрлен Әділетқызының велосипеді ұрланғаны туралы ақпаратқа қатысты Астана қаласы Полиция департаменті мәлімет берді.

Полицияның хабарлауынша, мүліктің ұрланғаны жөнінде ешқандай арыз түспеген.

«Велосипедтің ұрланғаны туралы бейнематериал жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде оның орналасқан жерін анықтады. Тексеру барысында ұрлық фактісінің болмағаны анықталды: велосипед оның иесінің құрбысында қалдырылған.

Полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», — делінген хабарламада.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button