Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Құрылтайдың салалық комитеті Мәдениет және ақпарат министрінің кандидатурасына келісім бергенін хабарлады.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындау үшін Арман Қырықбаевтың кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды.
Комитет отырысының нәтижесінде ұсынылған кандидатураны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.
Бұған дейін бұл қызметті премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева атқарып келген еді.



