
Үкімет құрамы қайта жасақталып жатыр. Президент Жарлығына сәйкес, негізгі ведомство басшылары қайта тағайындалып, өз орындарын сақтап қалды.
Ақорданың ресми мәліметіне сәйкес, олар өздерінің бұрынғы лауазымдарында жұмысын жалғастырады.
Өз қызметінде қалғандар:
Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Қанат Бозымбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
Серік Жұманғарин — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
Жаслан Мәдиев — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі.
Мәди Такиев — Қаржы министрі
Нұрлан Сауранбаев — Көлік министрі
Ерлан Сәрсембаев — Әділет министрі
Ерлан Ақкенженов — Энергетика министрі
Ерсайын Нағаспаев — Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Арман Шаққалиев — Сауда және интеграция министрі
Жұлдыз Сүлейменова — Оқу-ағарту министрлігін басқара беретін болды.
Әзірше Үкімет құрамында жалғыз министр жаңадан келіп қосылып жатыр.
Ол — Мұрат Мұханов. Президент Жарлығымен ол Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды



