Әлем

Мақсат Асаналиев Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы болды

Қырғызстанда Мақсат Асаналиев ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы болып тағайындалды, деп жазады Азаттық радиосы.

Тиісті жарлыққа Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қол қойды.

Қамшыбек Ташиев ақпан айында ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылғаннан кейін оның міндетін уақытша Жұмғалбек Шабданбеков атқарған. Бірақ маусымның соңында Жапаров оны қызметінен алды. Президент кеңсесі оның “басқа қызметке кеткендігін” айтты, бірақ нақты қандай қызмет екенін нақтыламады.

Шілдеде Қырғызстан соты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиевке төрт жыл түрме жазасын беріп, пробациямен бостандықта қалдырған еді.

48 жастағы Мақсат Асаналиев Ыстықкөл облысында туған. Еңбек жолын 2001 жылы ҰҚМК-да тергеуші болудан бастаған. 2018-2019 жылдары Бішкектегі бірінші май ауданының прокуроры, кейін Ош облысының прокуроры қызметін атқарды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button