Саясат
Тағы екі министр өз қызметінде қалды

Серік Жұманғарин вице-премьер, ұлттық экономика министрі лауазымында қалды. Ол аталған ведомствоны 2024 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.
Сол секілі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев те өз орнында қалды. Былтыр қыркүйекте жаңадан пайда болған жасанды интеллект министрлігін басқарғанына бір жылға жуықтады.
Ол премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарады.



