Иранда үйлену тойы өтіп жатқан үйге зымыран түсті

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында үйлену тойы өтіп жатқанда АҚШ шабуыл жасады. Салдарынан бірнеше адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған.
РИА Новостидің хабарлауынша, жарылыстан төрт адам көз жұмған.
Иран билігі төрт адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Ал бірқатар БАҚ-тың Иранның Қызыл жарты ай қоғамына сілтеме жасап хабарлауынша, бес адам көз жұмған.
Провинция губернаторының орынбасары Ахмад Нафис 68 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.
Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Эбрахим Азизи Тегеран АҚШ-тың үйлену тойына жасаған шабуылын жауапсыз қалдырмайтынын айтты.
«Кухестактағы үйлену тойына шабуыл жасап, бейбіт тұрғындарды өлтіру – адам құқығын қорғаушы болып көрінетіндердің күйзеліске ұшырағанының айқын дәлелі. Олар бұған дейін Минаб пен Ламердте жасаған қатыгездіктері қайталап отыр. Ешқандай иллюзияға берілмеңіздер: бұл қылмыстар жазасыз қалмайды. Кінәлілерді Иран қарулы күштерінің жойқын күшінен ешнәрсе құтқара алмайды», — деді ол.



