Қоғам

«Қырғыз ағайын артымызды ашып тастады»: Журналист Орталық Азиядағы ең үлкен стадион туралы

Қырғыздар 60 млн-ға 51 мыңдық стадион салса, қазақтар 37 млн-ға кемі 30 мың орындық стадион салу керек қой. Ақша қайда? Алаң қайда? Кім жауап береді?

Артымызды ашып тастады!
Бішкек төрінде Орталық Азиядағы ең үлкен стадион қолданысқа берілді. Спорттық нысанға арнайы барып қайттым. Сәулеті де, сапасы да көңілден шықты. Керемет салынған. Бюджеті — 60 млн доллар. Сыйымдылығы — 51 мың адам. Салынған уақыты — 3 жыл.
Дәл осы уақытта паралель Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионының құрылысы жүріп жатты. Ол да жуырда қолданысқа берілді. Оның бюджеті — 37 миллион доллар. Ал, сыйымдылығы — 3 600 орын.
Енді салыстырып көріңіз. Қырғыздар 60 млн-ға 51 мыңдық стадион салса, қазақтар 37 млн-ға кемі 30 мың орындық стадион салу керек қой. По-факту біздегісі 10 есе кіші болып тұр.
Қалай сонда? Ешқандай епке келмейтін есеп. Ешқандай логикаға келмейтін шешім. Ақша қайда? Алаң қайда? Кім жауап береді?
Қысқасы, көрші қырғыз ағайын көтімізді ашытты және көтімізді ашып тастады.
Масқара!
Журналист Аслан Қаженовтың facebook парақшасынан

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button