Әлем

Бішкектегі ШЫҰ саммиті: Үндістан премьері Путинді соғысты тоқтатуға шақырды

Бішкекке Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіне барған Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенде оны Украинамен соғысты тоқтатуға шақырған.

Кремль веб-сайтында Путин мен Моди арасындағы әңгіменің стенограммасынан үзінді жарияланды.

«Бізге соғыстың шексіз болғаны емес, аяқталғаны керек… Соғыс жалғасқан сайын әр күні адамзат бір қадам кері басады және бейбітшілікке қарай жасалған әр қадам күллі адамзатқа бейбітшілікке деген шынайы үміт береді. Біз шексіз соғыстан оның аяғына, әскери әрекеттердің соңына қарай жылжуымыз керек. Бұл күллі адамзат үшін өте маңызды. Біз барлық мәселені бейбіт жолмен шешуіміз керек, барлық адамзаттың талабы сондай. Бұл Үндістанның да үндеуі: Үндістан – Ганди елі, Будда елі, біздің үндеуіміз де осы», – деген Моди.

Путин Модиге: «Біз осы жолмен жүріп келеміз» деп жауап берген.

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда Украинаға қарсы бастаған соғыс содан бері жалғасып жатыр. Содан бері екі тараптан да жүздеген мың адам қаза тапқан.

Дәл қазір Бішкекте ШЫҰ саммиті өтіп жатыр.

Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Иран президенттері, Қытай президенті және Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері қатысып жатыр.

Биыл ШЫҰ-ға Қырғызстан төрағалық етіп отыр.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button