Қоғам

1 қыркүйекте мектепте мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге болмайды – Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл және басқа да сыйлықтар тарту етуге жол берілмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Шынар Ақпарова журналистердің ата-аналардың мұғалімдерге гүл шоқ апаруы туралы сауалына жауап берді.

«Біз тиісті хаттарды жергілікті атқарушы органдарға жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлық беруге болмайды. Мұны біз арнайы атап көрсеттік. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ», –  деді вице-министр.

Осылайша, министрлік гүл шоғының рұқсат етілген құнына қатысты нақты сома атаған жоқ. Оқу-ағарту министрлігінің бұл түсіндірмесі сыйлықтарды мектеп аумағында беруге қатысты екенін атап өтті.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button