Қоғам

Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Белгілі тележурналист, телевизия саласының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Тілеуқабыл Мыңжасар — қазақ телевизиясының қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан білікті журналист.

Ол 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, сол жылы телеарнадағы шығармашылық жолын бастады. Журналистің алғашқы хабары эфирден сол кезеңде-ақ көрерменге жол тартқан.

Телевизиядағы еңбек жолының елеулі бөлігі «Хабар» агенттігімен байланысты. Тілеуқабыл Мыңжасар агенттік құрылған күннен бастап қызмет етіп, ақпарат саласында мол тәжірибе жинақтады.

1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарып, өңірдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени тақырыптарды көрерменге жеткізді.

Кәсіби шеберлігімен, салмақты сөзімен және журналистикаға деген адалдығымен танылған Тілеуқабыл Мыңжасар отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button