Оқиға
Тренд

Непалдағы тасқын құрбандарының арасында Қазақстан азаматы болуы мүмкін

Непалда су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен.  Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өтетін шекараны кесіп өткен. Қазіргі уақытта азаматшаның нақты қай жерде екені белгісіз. Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруда», -делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button