Құрылтай депутаттарына төсбелгілер табысталды
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың бес саяси партиясы атынан сайланған 145 депутатын тіркеді. Бұл шешім бүгін ОСК-ның барлық сайланған депутаттардың қатысуымен өткен XVI отырысында қабылданды. Бұл туралы ОСК-ның XVI отырысында мәлім болды
Шешімге сәйкес, олардың депутаттық өкілеттігі 27 тамыздан бастап ресми түрде басталды.
Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.
«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталды. Енді сіздер — Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңдері заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат — халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі, ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз мен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді», — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Мандат төмендегідей бөлінді:
-
«Әділет» партиясы – 110 депутат;
-
«Ауыл» партиясы – 10 депутат;
-
Respublica партиясы – 9 депутат;
-
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 8 депутат;
-
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 депутат.

Отырыста баяндама жасаған ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутаттарын тіркеуді көздейтін қаулы жобаларын әзірлегенін хабарлады.


Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.




