Саясат

Таратылған Сенат депутаттарының 90 пайызы жұмыссыз қалды

Жұмысын тоқтатқан Сенаттың құрамында болған елу депутаттың тек төртеуі ғана жаңадан жасақталған Құрылтайға енді.

Олардың қатарында Шымкент қаласынан сайланған Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Бекназаров бар.

Сондай-ақ Құрылтай құрамына бұрынғы сенаторлар Евгений Больгерт, Ольга Перепечина және Марат Қожаев та кірді.

Осылайша, бұрынғы Сенат депутаттарының қалғанқырық алтысының алдағы уақытта қай қызметке баратыны әзірге белгісіз.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button