Құрылтайға «Respublica» атынан баратын депутаттар белгілі болды

Онда 2026 жылғы 23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша партия алған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының мандаттарын бөлу үшін партиялық тізімдегі кандидаттардың кезектілігін анықтау мәселесі қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша партияның Орталық кеңесі партиялық тізімдегі депутаттық мандаттар бөлінетін тоғыз кандидаттың кезектілігін бекітіп, тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолдау туралы шешім қабылдады.
Аталған кезектілік Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы тіркеген «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан қалыптастырылды.
Respublica фракциясының болашақ құрамында VIII шақырылымдағы Мәжілістің бес депутаты Құрылтайда парламенттік жұмысын жалғастырады. Ал тағы төрт кандидат алғаш рет Құрылтай депутаты атанады. Осылайша, фракцияның жаңа құрамы парламенттегі тәжірибенің сабақтастығы мен команданың жаңаруын қатар қамтиды.
Бекітілген кезектілікке мыналар енді:
1. Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы – партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты.
2. Идрисов Руслан Рашитович – кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
3. Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы – кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы.
4. Құспеков Олжас Хайроллаұлы – Respublica партиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
5. Наумова Динара Рустамқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
6. Смолякова Екатерина Сергеевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
7. Тау Нұргүл – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
8. Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы – Special Oil Projects компаниясы мен «Альмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
9. Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Respublica партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Парламенттегі партия фракциясының жетекшісі.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында Respublica партиясының партиялық тізіміне 509 631 сайлаушы дауыс берді. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы санының 5,56%-ын құрады. Сайлау қорытындысы бойынша партия 9 депутаттық мандатқа ие болды.
Respublica партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауында заңнамада белгіленген 5 пайыздық межеден өткен бес саяси партияның қатарына енді.



