Сайлау - 2026

«Ақ жол» партиясы Құрылтайға баратын депутаттарының есімін атады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындылары бойынша Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді», — деп партиясының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2026 ж. №48/84 қаулысына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын «Ақ жол» ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді.

  1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
  2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
  3. Еспаева Дания Мәдиқызы
  4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
  5. Ли Юрий Виссарионович
  6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
  7. Шынасылова Мейраш
  8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы шығарған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы 478 083 дауысқа (5,21%) ие болды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button