«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутатының тізімін бекітті

«Ауыл» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін бекітті.
Шешім 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша қабылданған.
Сайлау нәтижесінде «Ауыл» партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болды.
Партия Жарғысына сәйкес Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:
1.Айтуғанов Қайрат Қапарұлы
2.Байманов Шахмардан Асқарұлы
3.Бегалиева Захира Оңғарбайқызы
4.Егізбаев Серік Рахметоллаұлы
5.Иргибаев Мұрат Саматұлы
6.Каджибекова Ажар Елемесқызы
7. Киян Владимир Сергеевич
8. Мұхаметов Алмас Ерекұлы
9. Райханова Динара Қуанышқызы
10. Тоқсеитова Рабиға Әлібекқызы
Тиісті құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары сақталды. Олардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі — 60%.
Тізім кандидаттардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттері ескеріле отырып жасақталды және сапалы әрі теңгерімді құрамымен ерекшеленеді. Оның құрамында аграрлық сектор, мемлекеттік басқару, ғылым, бизнес және әлеуметтік саланың өкілдері бар.
Атап айтқанда, жаңа құрамға агрономдар, ветеринария мамандары, ғалымдар, биотехнология саласының сарапшылары, сондай-ақ мемлекеттік басқару, әлеуметтік саясат және инклюзия саласының мамандары енді. Жаңа фракцияның басты міндеті — партияның сайлауалды бағдарламасын нақты жүзеге асыру. Депутаттар өңірлерді дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі, инфрақұрылым, әлеуметтік саясат, білім мен ғылым, отбасы мен жастарды қолдау және экология бағыттарындағы бастамаларды ілгерілетуге күш салады. Сонымен қатар партия құрамды жаңарту және кадрлық әлеуетті күшейту жұмысын жалғастырады.
«Бекітілген тізімге енбеген кандидаттар арасынан партиялық кадрлық резерв қалыптастырылып, олар сараптамалық, қоғамдық және ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады. «Ауыл» партиясының басты мақсаты — сайлаушылардың сенімін ақтап, сайлауалды бағдарламаны нақты істер арқылы жүзеге асыру, — делінген хабарламада.



