Қоғам
Құрылтайдың бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tiek.kz.
Тарихи отырыстың өтетін күні мен уақыты
Ресми құжатқа сәйкес, жаңа бір палаталы парламенттің алғашқы сессиясы астанада өтеді.
Жарлық мәтінінде төмендегідей көрсетілген:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».


