Қоғам

«Тентек кәде»: Оралда өткен тойдағы жоралғы төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тойдағы төбелестің видеосы жарияланып, оған «Тентек кәде» деген жоралғы себеп болғаны жазылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Орал жақтағы жоралғы

Видеодан той болып жатқанын, құдалар бір-біріне қарама қарсы тұрғанын көруге болады. Ер адамның бірі кеудесін керіп, әлдене түсіндіріп тұрса, екінші адам оның бетінен жұдырықпен бір ұрып, құлатты.

«Ұлыңызды ұяға, қызыңызды қияға қондыратын жастасыз ба? Орал жақпен құда болсаңыз «Тентек кәде» атты жоралғыдан байқастарсыз. Жаңа құданы ауылдың жындыбастары ақшаға сындыратын «дәстүр» бар екен. Түбі қайдан шыққаны өзіме беймәлім, бірақ мына тойда екі тарап та артық кеткен секілді», – деп жазды журналист Айсұлтан Жақыпов әлеуметтік желіде.

«Мұндай «дәстүрлерді» тықпалаған дұрыс емес»

Оқырмандар осы жадайға қатысты әртүрлі пікір білдірді.

«Әр елдің салты басқа демекші, бұрын көріп білмеген адамдарға біздікі жөн екен деп ойына келгендерін жасауға болмайды ғой, өз өздеріне жасай берсін, бірақ басқа жақтан келгендерге бұндай «дәстүрлерін» тықпалаған дұрыс емес!»,

 

«Енді Оралдықтар тентек кәдеге тентек құда да болатынын түсінген болар»,

 

«Тентек кәде» бар ғой Оралда. Егер құдалар басқа обылыстан болса үй иесі Оралдың салтын айту керек қой. Сол уақытта мұндай масқара болмас еді», – деген пікірлер жазылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button