Мәдениет

«Боди массаж жасайды»: актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот басталды

Алматыда танымал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген мен экс-әйелі Фаризаға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот процесіне танымал журналист Руслан Өтепбай да келген. Ол Нұрсұлтан Жақсыгеннен сұхбат алып, Фаризаға жазылған хабарламаларды кім жазғанын сұрады.

Алайда әзілкеш өзіне тағылған кінәні мойындамады. Оның айтуынша, әлдекімдер жалған аккаунттар ашып, оның атынан түрлі хабарламалар жазған.

«Сот сараптама жүргізіп жатыр осы іс бойынша. Аккаунтыма байланысты атымнан түрлі парақшалар ашылып, жалған хабарламалар жазған. “Боди массаж жасайды” деп жазған мен емес. Әйелім мен отбасын сығандарға теңеген де мен емес. Мен тек “балаларды көрсет” деген тақырыптарда жаздым. Кез келген адам аккаунтына “Нұрсұлтан Жақсыген” деп жазып қоя салады. Менің өзімде TikTok-та, Instagram-да 10 аккаунт бар. Менің WhatsApp нөміріме шабуыл жасалды. Менде бүкіл дәлелдер бар. Сот мен деп шығарса, демек әділ емес», — деді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button