Тамыздың соңында қар жауады: Казгидромет ескерту жасады

Казгидромет жаздың соңғы күндеріне қатысты болжамын ұсынды.
Қазгидромет болжамына қарағанда, 25-27 тамыз аралығында елдің солтүстігі мен шығысында ауа райы бұзылады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Бұршақ жауып, дауылды жел соғады.
Елдің батысы мен оңтүстігінде күн құрғақ әрі жылы болса, Қазақстанның бір бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ жауады. Ал таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарға қатысты. 26 және 27 тамызға қараған түндері жаңбыр қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін.
Құбылмалы ауа-райына қарамастан, тамыздың соңғы күндері негізінен жылы болады.
Солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 градусқа дейін көтеріледі. Орталық және оңтүстік өңірлерде ауа +25…+35 градусқа дейін жылынады.
Шығыста бастапқыда күн салқындау болып, температура +16…+24 градус шамасында болады. Кейін ауа температурасы +20…+31 градусқа дейін көтеріледі.
Елдің батысы мен оңтүстігі жауын-шашын әкелетін бұлтты фронттардан тыс қалады. Бұл өңірлерде алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.



