Сайлау - 2026
Тренд

Құрылтай сайлауы: алдын ала нәтижелер жарияланды

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Tiek.kz.

Орталық сайлау комиссиясының 24 тамыз таңертеңгі деректеріне сәйкес, сайлауға қатысқан азаматтардың дауыстары партиялар арасында былай бөлінген:

  • «Әділет» партиясы – 71,17%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,26%;
  • Respublica – 5,56%;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,21%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,11%;
  • Қазақстан халық партиясы – 3,10%;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,7%;
  • «Барлығына қарсымын» – 2,51%.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, Құрылтайға өту үшін саяси партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы қажет.

Осылайша, ОСК-ның алдын ала нәтижелері бойынша 5 партия 5 пайыздық межеден өтті. Олар – «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП.

Сайлауға қанша адам қатысты?

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, сайлаушылардың жалпы саны 12 623 289 адамды құраған.

Оның ішінде цифрлық үкімет порталдары және сайлау учаскелерінде азаматтарды тіркеу арқылы тізімге 9 865 адам енгізілген.

Сайлауға 9 351 539 адам қатысқан. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 73,8 пайызын құрайды.

Еске салайық, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы сағат 20:00-дегі алдын ала дерек бойынша сайлауға қатысу көрсеткіші 74,19 пайыз болғанын хабарлаған еді. Ол кезде 9 352 151 адам бюллетень алғаны айтылған.

Айта кетейік, жоғарыда келтірілген көрсеткіштер – алдын ала нәтижелер. Сайлаудың түпкілікті қорытындысы дауыстарды санау және заңнамада белгіленген рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button