Сайлау - 2026

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Дауыс беруге 9,3 млн-нан астам азамат қатысты.

Құрылтай сайлауына қатысқан азаматтардың үлесі 74,19%-ды құрады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл көрсеткіш сайлау учаскелері жабылған, яғни сағат 20:00-дегі жағдай бойынша тіркелді.

Дауыс беру еліміз бойынша жергілікті уақытпен сағат 7:00-де басталып, 20:00-де аяқталды.

Енді учаскелік комиссиялар бюллетеньдерді санап, дауыс беру нәтижелерін рәсімдеуге кірісті.

Ал сайлаудың түпкілікті қорытындысы дауыс беру күнінен бастап 10 күн ішінде жариялануы тиіс.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button