
Құрылтай сайлауына дауыс беру аяқталды. Сайлау учаскелері сағат 20-00 есіктерін жауып, дауыс санауға кірісті, деп хабарлады tiek.kz.
Еліміздің барлық өңірінде Құрылтай депутаттарын сайлау 07:00-де басталды. Дауыс беру ел аумағында және шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде барлығы10 423 сайлау учаскесінде өтті.
Жалпы сайлаушылар тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 605 788 азамат енгізілген болатын.
Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күн ішінде жариялауы тиіс.



